Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 21:10:22 by Гость

Мазмундама жиберинши

Ответ оставил Гость

Байлық пен ақыл.            Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып: -Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер, -депті.           Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп: -Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, -депті.          Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де: -Міне осы түрімді көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, -депті.          Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейлеген белдігін буынады да: -Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ,-дейді.          Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, кіші ұлына: -Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? –дейді. Сонда кенжесі: -Менің асыл тасты жүзігім де, сәнді киімім де, қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат, жігерге толы жүрегім ғана бар, -депті.         Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті. 

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.