Етістік. Етістіктін нақ осы шақ
Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады.Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кеңграмматикалық категория.
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болыпжатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “кележатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”.Осы шақтың 2 түрі бар:1)Ауыспалы осы шақ.2) Нақ осы шақ.Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуіарқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сізжүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болыптұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “итүреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемненанықталады.Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелейжіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердіңтіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”.“Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр,жазып отыр”). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасыбереді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі.Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” — “олтурур”, “тұр” — “тұрұр”, “жүр” — “Жүрүр”, “жат” — “жатыр”, яғни болыпжатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларыныңкірігуінен жасалған.
Форма вопроса доступна на