Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 01:57:38 by Гость

Сочинение на казахском про кешірім

Ответ оставил Гость

КешірімділікКешірімділік – адам бойындағы жақсы қасиет, пенде біткенге құрметпен, ізгілік тұрғыдан қарау. Адамгершілік, имандылық сияқты гуманистік ұғымдарға мәндес категория. Адамның оқыс істері мен қоғамға зиянды іс-әрекет жасағаны анықталғанда, оған адами тұрғыдан кеңшілік жасап, залалды істерінің мән-жайын түсіндіру, гуманистік қамқорлық жасау, кеңшілік көрсету – Кешірімділік болып табылады. Мемл. жоғары билік орындары зиянды әрекеттермен, қылмысты істермен айналысқан адамдарға лайықты жаза қолданумен бірге, оны қайта тәрбиелеп жөнге салуға барады. Оларға кешірім жасалады. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп, іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз қылықтары үшін де адамға Кешірімділік жасалып, оған дұрыс жөн-жосық көрсетіледі. Айыбын мойнына алған, қатесін дұрыс сезініп, оған өкініш білдіретін адамға да Кешірімділік жасалады. Кешірім сұрау – әрбір адамның өзі жіберген қатесін ой-санасымен сезініп мойындауы оның мінезіндегі ерлігі мен батылдығын білдіреді. Кешірімділік – қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.