Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 05:07:14 by Гость

Жұмбақ керек тап кәзір

Ответ оставил Гость

Ызақор бұғып жатыр,Сақалы шығып жатыр.
(жуа)
***Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)
***Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)
***Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
ызылша)
***Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
арбыз)
***Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
ауын)
***Көк лағым көгенде жатып семіреді.
арбыз)
***Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
арбыз)
***Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
ияр)
***Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма) 
***Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)
***Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)
Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)
***Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)
***Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)
***Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
стаз)
***Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)
***Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
арындаш)
***Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)
***Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)
***Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)
***Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)
***Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)
***Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)
***Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.
(таба нан)***Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.