Реферат на тему шашу на казахском языке
Шашу
Шашу — дәстүрліқазақ қоғамындағы ұлттық әдет-ғұрып. Шашу бала туылғанда, тұсаукескенде, сүндетке отырғызылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отаукөтергенде, бүркіт ұстап әкелгенде, жүйрік ат бәйгеден озғанда, алыссапардан жолаушы оралғанда, т.б. қуанышты жағдайларға байланыстышашылатын құрт, ірімшік, өрік-мейіз, кәмпит жиынтығы. Шашуды, әдеттежасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да, оны жастар, балалар теріп алады.Кейде тойдан тәбәрік ретінде үлкендер де алып, үйдегі жас балаларынаапарып береді. Шашудың екі түрі бар. Бірі шашылады, екіншісі шашылмайды.Тойға көп адам Шашу әкелетіндіктен оның бәрін ысырап етіп шашабермейді. Тек белгілі бір бөлігін ғана шашып, жосын-жоралғылардыжүргізеді. Туыс-туғандар әкелген дастарқан Шашу ретіндегі қазақ халқыныңқуаныш-тілегін білдіретін ниеті болып табылады. Оның бастаулары кемдегенде көне түркілік замандарға барады. Түркілер қуаныш кезінде құрт,ірімшік сияқты ақ тағамдарды “ақ жолтай“, “ақ тағамдай ақ болыңдар“, “ақниет тілейміз“ деп шашқан. Кейіннен тату-тәтті болсын деген ниетпенШашуға кәмпит қосылған. Дәстүрлі қазақ қоғамында ауқатты адамдар күміс,алтын теңгелер де шашқан. Шашу қазіргі уақытта да кеңінен қолданылуда.
Форма вопроса доступна на