Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 23:07:35 by Гость

Мен шыгарган окига шыгарма помогите плиз

Ответ оставил Гость

Мектептегі оқиға. Үшінші сыныпта оқимын. Шашым ұзын әрі қалың, тіземе дейін жететін бұрымым болатын. Үлкен үзіліс уақытында ер балалар қатарлардың арасында тұр. Менің бойым басқалардан ұзын болғандықтан, мені үнемі артқы парталарға отырғызып қоятын (сол үшін сынып жетекшілерімді жек көріп кеткенмін). Сол орныма барайын деп, ұлдардың арасынан өтіп едім, кенет артыма қарай шалқая кеттім. Мойным ауырып кетті. Артыма қарасам, Талғат деген сыныптасым шашымды тартып тұр екен. «Менің шашым саған арқан ба?!» деп, бетінен шапалақпен салып жібердім. Байқұс мұндай жауапты күтпеген еді. «Аааааааййййй» деп айқайлап қана қойды.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.