Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 08:40:28 by Гость

Тема Татулық әңгіме құра.

Ответ оставил Гость

Тағдыр қазақ халқына ұлан-ғайыр жер беріп, байырғы тұрғынын аз етіп, сырттан келген өзге ұлтты көбірек қоныстандырып, көрші болып күн кешуге бұйырды. Осылайша тарих бізді көпұлтты ел ретінде қалыптастырды. Бұл қағидадан жер иесі – қазақ та, қазақ жерін мекендеген басқа ұлттың өкілі де қашып құтыла алмайды және сөзсіз мойындап тіршілік кешуге бейім екенін әр азамат терең түсінеді. Жаратушы көрші болуға жазғаннан кейін көңіл қалдырмас тіршілік кешу керектігін кеңпейіл қазақ әлдеқашан ұғынып, жатырқап-жатсынбай, керісінше, бауырына тартып, жанашырлық танытуды қасиеті етіп бойына сіңіріп те қойған. Бүгінде Қазақстанда 130 ұлттың өкілі тұратынын, 46 конфессия бар екенін көзіқарақты адамның бәрі біледі. Осыншама этностың мекендейтініне қара­мастан, Қазақстанда тыныштық пен келісім салтанат құрған деп мақтанамыз да. Бірақ бұл, Елбасымыз айтпақшы, «жұмыстың» нәтижесі». «Бұл – мемлекеттің жұмысы, бұл – бәріміздің жұмысымыз, әр қазақстандықтың жұмысы». Тіпті оны Президент адам ағзасындағы қантамырының жұмысына да балады. Қантамырының бір жерінде кідіріс болған кезде адам денсаулығына кінәрат жабысады, ендеше, мемлекетте де солай. Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметі тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудің тәжірибесі әлемдік тұрақтылыққа қосылған үлес болып отыр.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.