Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 08:54:15 by Гость

Салыстырмалы шырай составить слова

Ответ оставил Гость

Салыстырмалы шырайБіркелкі сыңдардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай деп аталады. Мысалы: үлкен-үлкенірек, жақсы-жақсылау, терең-тереңірек, көк-көкшіл т. б.Мысалы: Жақсы-жақсырақ, терең-тереңірек, ащы- ащылау.Сапалық сын есімге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады:1. -рақ, -рек, -ырақ, -ірек: Мысалы: жақсы-рақ, жұқа-рақ, кіші-рек, күшті-рек, ұзын-ырақ, толығ-ырақ, үлкен-ірек, биіг-ірек т. б. Мысалдан көрінетіндей, сөздің соңғы дыбысы дауысты болса, жуан буыннан кейін -рақ, жіңішке буыннан кейін -рек жұрнағы жалғанады; сапалық сын түбірінің соңғы дыбысы дауыссыз болса, жуан буыннан кейін -ырақ, жіңішке буыннан кейін -ірек жұрнағы жалғанады.2. -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: Мысалы: жақсы-лау, сары-лау; кіші-леу, күрең-деу, терең-деу, сұр-лау, жасыл-дау, көк-теу, суық-тау т. б.Сөздің соңғы дыбысы дауысты және үнді р, й, у болса, жуан буыннан кейін -дау жіңішке буыннан кейін -деу жалғанады; сөздің соңғы дыбысы үңді м, н, ң, л не ұяң болса, жуан буыннан кейін -дау, жіңішке буыннан кейін -деу жұрнағы жалғанады; сөздін соңғы дыбысы қатаң болса, жуан буыннан кейін -тау, жіңішке буыннан кейін -теу, жұрнағы жалғанады.Бұл екі жұрнақ барлық сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасай береді. Сондай-ақ жекелеген сапалық сың есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын да жұрнақтар бар. Олар:1. -ғыл, -қыл, -ғылт, -қылт, -ғылтым, -қылтым. Мысалы: ақшыл, ақшылтым, сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым т. б.2. -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім: Мысалы: ақшыл, ақшылтым, көкшіл, көкшілтім, ақшылтым т. б.Ескерту: -шыл,-шіл қосымшалары тек түр-түсті білдіретін ақ және көк сын есімдеріне ғана жалғанады3. -ғыш, -ілдір: Мысалы: сарғыш, көгілдір, бозғыш т. б.4. -аң, -қай, -ша, -ше. Мысалы: куаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкше, ақша, сұрша т. б.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.