Скиньте сказку мақта қыз бен мысық с переводом ПЛИЗ нужно очень ну!!!!!
Ерте –ерте ертеде Мақта қыз бен мысық дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Шақырады – келмейді, шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:– Неге шақырдың? – деп сұрайды.Мақта қыз айтпайды. Сосын мысық айтады:– «Ендеше қатығыңды төгем», – дейді.Мақта қыз:– «Мен құйрығыңды кесіп аламын», – дейді.Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.- «Апа, апа, құйрығымды берші», – дейді.Сосын Мақта қыз- : «Менің қатығымды төлеп бер», – дейді.Мысық сиырға барады.- «Сиыр-сиыр, маған қатық берші», – дейді,сиыр айтады:- Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер», – дейді.Мысық ағашқа барып:- «Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші!» – дейді.Ағаш айтады:- «Мен шөлдеп тұрмын, су әкелсең, жапырақ беремін», – дейді.Суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көріп:- «Қыздар, қыздар, маған су берші», – дейді.Қыздар:- «Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз», – дейді.Мысық дүкенге барады.- «Ай, дүкенші, маған сағыз берші», – дейді. Дүкенші: «Маған тұқым бер», – дейді.Мысық тауыққа барады:- «Тауық, тауық, маған тұқым берші», – дейді.Тауықтар айтады:- «Бізге дән әкеліп берсең, біз саған тұқым береміз», – дейді.Мысық:- «Енді не қыламын», – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді.Мысық тышқанды қорқытып:- «Жаның барында айт, үйіңде не бар?», – дейді.Тышқан қорыққанынан:- «Үйімде бір батпан тарым бар», – дейді.Мысық айтады:- «Маған бір уыс тары бер», – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары береді. Тарыны апарып тауыққа береді,тауық оған жұмбақ жасырады:«Жазғы киімі жасыл,Қысқы киімі ақшыл»(қари жамылған ағаш). Жұмбақты шешкен соң тауық тұқым береді, тұқымды апарып дүкеншіге береді, дүкенші оған тапсырма беред
Форма вопроса доступна на