Өлімді жеңген ана Срочно либо на русском либо сам текст дайте?!??! СРОЧНО!!!
«Өлімнің ордасыТемірдің қанды қабағын ашамыз» деп, күлдіргіштер лақтай секірді. Батыр,балуандар жер солқылдатып күрес салды.
Темір хан патшашатырында төрде отыр, қасында билер. Сырттан бір дауыс шығып жатыр.«Кіргізіңдер!»
Темір хан: -Шақырыңдаршы! – деп жекірді.
Нөкер: - Тақсыр,бір әйел келіп тұр, сізді көрем, - дейді. – Өзі арабша сөйлейді. Үсті - басыкір, шаң - шаң.
Темір: - Әкеліңдер!
Нөкерлер жалаң аяқ,шашы жалбыраған бір әйелді әкеледі.
Әйел кіріп келіп: -Баязит сұлтанды жеңген сен бе?!
Темір: - Ия, мен!Мен талайды жеңгем. Оны да жеңдім. Ал сен неге келдің?
Әйел: - Онда тыңда!Сен не істесең де адамсың. Ал мен – ана. Сен өлімге қызмет етесің, мен өміргеқызмет етемін. Сен өлім шашасың, мен өмір шашамын. Дүниеге адам әкелем, білдіңбе?! Сондықтан мен сені адамға санамаймын да.
Темір: - Мағанешкімнің бағасы керек емес. Мен ешкіммен есептеспеймін. Жұмысыңды айт, әйел!
Әйел: - Онда тыңда,өлімнің егіншісі Темір. Сен менің алдымда күнәлісің. Менің алдымда күнәңдіжусын деп келдім. Өйткені мен Ана! Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себем.Сені Жеңем!
Темір ойланып: -Өзің отыршы, сені тыңдағым кеп барады.
Әйел кілемніңүстіне келіп отырды.
Әйел: - Мен Салернодеген жерден келдім. Ол алыста. Италияда. Менің жалғыз ұлым бар еді. Ол өтесұлу, ақылды болатын. Баязит сұлтан әскерімен әкем мен күйеуімді өлтіріп,баламды алып әкетті. Міне 4 жыл болды, баламды іздеп жүрмін. Естуімше, баламсенде, өйткені Баязит сұлтанды сен жаулап алғансың. Өзіме қайтар ұлымды!Ұлымның қайда екенін сен білесің!
Көпшілік: - Мынаужынды шығар. Не дейді?
Темір хан: - Әйел,сен алыс елден келдің. Жолда тау бар, теңіз бар, орман бар, одан қалай өттің?Әрі аң, құс бар. Олар саған тимеді ме? Олардан қорғану үшін қару керек. Сендеол жоқ. Бұл жерге қалай жеттің?
Әйел: Мен бір - ақтеңізге ұшырадым. Онда арал көп екен, балықшы да көп екен. Балықшы болған соң,онда қайық бар. Теңізден қайықпен өттім. Сүйген ұлыңды іздесең, қайықпен деөтуге болады. Ал, тау дейсің, мен тауды байқағаным да жоқ, орман маған отырбергеннен басқа тоқтау қылған жоқ!
Темір хан: - Алаңдар ше?
Әйел: - Ия, оларкездесті. Сен сияқты өлім шашып тұратын барыс екі рет кездесті. Олар маған текқарап тұрды. Мен олармен сенімен сөйлескендей сөйлесіп жүрдім. Олар менің анаекенімді түсінді. Аңның да баласын сүйетінін сен білмейтін бе едің?
Темір хан: - Солай,әйел! – басын изеп, - Аңдар адамнан гөрі өз баласын артық сүйеді. Ең қаттыжауыздық адам баласынан шығады.
Әйел: - Адам дегенбала ғой. Әр адамның баласы бар. Сен, шал білесің бе, сені де әйел тапты. Сенқұдайдан бас тарта аласың, ал анадан бас тарта алмайсың? – Бер, баламды, қайтарөзіме. Өйткені мен анамын, баламды сүйем!
Темір: - Мен тәңірқұлы Темірмін, тек тиісті сөзді ғана айтам! Мен көп жасқа келдім. Отыз жыл бойықара жер табанымда ыңырсыды. Неге бүйтеді дейсің ғой. Мен патшамын. Патшаныңпатшалығы неғұрлым көп болса, соғұрлым оның өзі де ұлы патша. Мен патшалығымдыкеңейте беруім керек. Әйтпесе мен қандай патшамын? Сондықтан мемлекетті басыпалып, өзіме бағындырам. Бұл бір.
Екінші, өлім меніңжалғыз ұлым Жәңгірді алып, жүрегімді сөндірді. Сондықтан өлімнің құрбандығынаадам алып, кегімді алып жүрмін. Менімен патшалық үшін, ел үшін көп адам алысты.Ал адам үшін алысып көрген жоқ. Мен үшін адам кім? Менің алдымда неге тұрады?Мен оны білмеймін.
- Мен тәңір құлыТемірмін, тиісті сөзді ғана айтам! Менің алдымда әйел отыр. Бұл әйел бүгінгедейін білмеген сезімді қозғап, мені жеңіп барады. Бұл әйел менен өтінбейді –бұйырады. Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл - өміриесі, бұл – ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол өмірдің бір ұшқыны ғой. Солұшқыннан бірнеше ғасырдан кейін жалын туар. Мен жерге өлім ектім, қанменжақсылап суардым. Қазір жердің майы сорғалап, қыртыстанып тұр. Осы жерге бақытегетін адам керек шығар... ойланып.
- Мен тәңір құлыТемірмін, тиісті сөзді ғана айтам. Үш жүз салт әскер қазір жердің 4 бұрышынаралауға аттансын. Тапсын олар мына әйелдің ұлын! Әйел осында күте тұрады.Мұнымен бірге мен де күтем. Кімде - кім мұның ұлын атқа мінгізіп әкелсе, ол шынбақыттың дәмін татады. Солай ғой, әйел?
Әйел бетіне түскеншашын сілкіп:
- Солай! Осыныісте! – деп азырақ езу тартады.
Осы кезде АқсақТемір орнынан тұрып, әйелге басын иді.
Форма вопроса доступна на