Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 14:05:33 by Гость

Здравствуйте! Поскольку казахский язык дается мне с трудом, я прошу о помощи в сочинении. Полученное сочинение я использую для того, чтобы взять идею для своего. Сочинение "Что ты ощущаешь, когда слышишь любой казахский кюй". Я выбрал кюй Курмангазы "Бал Браун". Прошу помочь в написании сочинения о нем.

Ответ оставил Гость

Қазақтың күй өнері қазақ халқында ерекше орын алады. Себебі қазақтың күйін тыңдап отырсаңыз, кең даланы, халықтың салт-дәстүрін, тарихын, халықтың ерке мінезін сезіне аласыз. Халқымыз ұлтымыздың дарынды күйшісі Құрманғазыны ерекше пір тұтқан. Құрманғазы Сағырбайұлы қазақтың күй өнерінің атасы болып саналады. Оның мұраға қалған бірнеше күйлері бар. Соның менің көңілімнен шыққан күйінің бірі - "Балбырауын" күйі. Бұл күйді кең дастархан үстінде тыңдаған едім. Бір естігеннен көңіліме қонды. Кейін іздеп келе, бұл атақты Құрмаңғазының күйі екенін білдім. Күйдің тарихын білгім келіп, ғаламторға жүгіндім. Іздеп келе, күй Браун деген немістің атақты шенді адамның балына арналған екен деген пікірді кезіктірдім. Дегенмен, оған қарсы пікір де айтылған екен. Кейбір ғалымдар бұл Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін, күйзелген халықтың  көңілін бір серпілтейін, бір балбыратайын деген ниетпен "Кішкентай" күйінен кейін шығарылған күй деседі. Қалай болғанмен, күйді тыңдап отырып, сол кезде сол халықпен бірге жасасқандай күйге енесіз. Күй өнеріне аса жақындығым болмағанмен, "Балбырауын" күйі мені халықтың музыка өнеріне бір қадам жақындата түсті.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.