Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 15:23:49 by Гость

Аққу кұстар туралы əңгіме құрастыру

Ответ оставил Гость


Аққу – ежелгі, өмірдің өзгерістеріне тезуйренін құс. Аққу – қазтәрізділер тобына жатады. Қай жерде су болса,сонда аққу өмір сүреді. Дүниежүзі бойынша 150 турі кездеседі. Қазақстансуларында оның екі түрі – сұңқұлдақ аққу және сыбырлақ аққу тіршілікетеді.Аққулар ұзақ өмір сүретін, өте әдемі,көптеген ақын-жазушылардың шығармасыны арқау болған құстар. Олар соныменқатар, ұша алатын үлкен құстар қатарына да жатады.Аққудың тусі ақ,салмағы 12-13 килограмға дейін жететін ірі құс. Қорегін іздегендеүйректер сияқты су астына сүңги алады. Кейбір аққу түрлері өзінің ұзынмойының арқасында 1м тереңдіктегі су өсімдіктерімен қоректенеді.Қазақ  халқы тазалық пен сұлулықтыңсимволы ретінде қарайтын аққу өзінің ұясын кез келген көлдерге салабермейді. Ол ұя салуға ну қамысты, суы таза әрі тұщы ірі көлдерді таңдаралады және ол маңда адамның болуын уната бермейді. Сондықтан дахалқымыз оның кез келген батпақты шалшық көлде кездесе бермейтін асаталғампаз, тәкәппар қанатты екендігін қадірлейді.Туып өскен жеріне наурыздың аяғы –сәуірдің басында қайтып оралған аққулар Қазақстан суларынан өздерінеазық, жауларынан және ауа – райының қалайсыз жағдайынан қорғанатынбаспана табады. Әсіресе, қамысты қапалардың олар үшін маңызы өте зор.Көл жағасында жайқала өскен қамыс-құрақ арасына олар өздерінің ұяларынсалады. Ұясын көбінесе қамыстан салады. Оның диаметрі 120-150 см болады.Аққулар еркек-ұрғашы болып жұптасқан соң, осы жұбын екеуінің біреуіөлмей жазбайды. Олардың бір-біріне сондай беріктігі туралы ел аузындағасырдан ғасырға айтылып келе жатқан аңыздар бар. Бұл құстың бір-бірінесүйіспеншілігі сонша, егер түрлі себептен біреуі өлсе, екіншісі бұлқайғыға шыдап тұра алмайд екен. Жесір қалған аққу көк аспанның сонаубиілігіне самғап, сонда соңғы «әнін» айтып болғаннан кейін, жерге қарайоқша зуылдап, тасқа соғылып өледі. Бұл шындық па? Жоқ. Бірақ, жұбайынанайырылған құстың «қуу-у... қуу-у...қуу-у» лап сол жерден көп уақыткетпейтіндігі шындық.Аққулар 3-7 жұмыртқа салады, оны енесі35-40 күн басып, балапан өргізеді. Осы кезде еркегі ұя төңірегіненшықпай, балапандарын қорғап жүреді. Олар ұрпақтарымен күзге дейін біргеболып, оларды қорғаштайды. Шілде-тамыз айларында мамырлайды. Осы кездеаққулар көлдің адам бара алмайтын жерін таңдап алады. Күзде жылы жаққакетер алдында 7-10-нан топтасады. Аққулар су өсімдіктерінің жапырықтарымен тамырларын қорек етеді. Ұсақ жәндіктерді де жеітіндігін мамандаранықтап отыр.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.