Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 16:51:33 by Гость

Сочинение на казахском на тему урок казахского языка

Ответ оставил Гость

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттықмәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес.Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толастапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, АхметБайтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән беріп, оныңшексіз байлығын, суреткерлік қуатын, бейнелігі мен саздылығын көркемдіксапаға жеткізді.Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің еңбасты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатынлауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді.Біз өзі намысшыл халықпыз. Біреу итің жаман десе де намыстаныпқаламыз. Тіл білетін қазақ – намысшыл. Тіл білмейтін қазақ одан данамысшыл. Оларды тіл білмедің деп шетке итермеу керек. Қайта бауырғатарту керек. Бізге көп тіл білгеннің артықтығы жоқ. Күні ертеңБүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіргелі отырмыз. Осы ретте бізге қазақ, орыс,ағылшын, тіпті қытай тілін де мықтап меңгеріп алу керек. Әлемдікбәсекеге түскелі жатырмыз. Домбыраны шерткендей, біздің мықтымамандарымызды да мемлекет ісіне шертіп-шертіп таңдап аларда олардыңбірнеше тілді еркін меңгергеніне артықшылық беріліп тұрылуы тиіс.Қазақстан – көп ұлтты мемлекет болғандықтан тіл мәселесі аса күрделімәселе болып отыр. Тіл мәселесінің өте нәзік екендігі, оның зорлықпенемес тек қана шынайы ынталылықпен ғана ыңғайланатын шаруа екендігібелгілі.Ал тілдің өзі - тарих тереңіне бойлатып, өнер мен мәдениеттің кәусарбұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы. Олай болса,қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданылу аясын кеңейтетүсу қажеттігі - заңды құбылыс.«Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың асамаңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – ҚазақстанРеспубликасының әрбір азаматының парызы” деп жазылған. Үкімет, өзге демемлекеттік, жергілікті, өкілді және атқарушы органдар ҚазақстанРеспубликасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегінмеңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалықжағдайларды жасауға міндетті» - делінген.Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса,күндердің күнінде өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады.Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақхалқының ұлттық мәдениетін, ұлттық салт – дәстүрін, ана тілін дамытуғакүш салғанымыз жөн.Қорыта келгенде, мемлекеттік тілді ғылым мен техниканың түрлісаласына енгізіп, сапасын арттыру - уақыт талабы. Ал, уақыт талабынорындау – баршамыздың абыройлы парызымыз

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.