Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 18:39:30 by Гость

Қажмұқан туралы мәліметтер

Ответ оставил Гость

Классикалық күрес — спорттық күрестердің бір түрі. Балуандар күресі ерте заманнан белгілі. Ертедегі олимпиада ойындарының да бағдарламасына енген. Күрестің алғашқы ережесі 1896 жылы шыққан. КСРО-да спорттың бұл түрі француз күресі, грек-рим күресі деп аталынып келді. 1948 жылдан бастап классикалық күрес деп аталынды. КСРО 1947 жылы классикалық күрес халықаралық федерациясына енді. КСРО-да классикалық күрестен алғашқы чемпионат 1924 жылы ұйымдастырылды. Күрестің бұл түріне түрегеліп тұрып лақтыру, жығу, үйіру, жығылып жатып лақтыру, аудару әдістері енеді. Мұнда белден төмен ұстауға, аяқпен айла-тәсіл қолдануға рұқсат етілмейді. Белдесу уақыты 9 минут. Әр 3 минуттан кейін бір минуттік үзіліс беріледі . Классикалық күрестегі жекпе-жектің мақсаты қарсыластың екі жауырынын бір мезгілде кілемге тигізу. Белдескенде екі балуан арасында 4 айып ұпайы сарапқа түседі. Жеңіске -0 (жеңіліске-4), тең түссе-2 (екеуіне де), ұпай санымен жеңгенде 1 (жеңілгенде-3,5) ұпай беріледі. Жарыс барысында аз айып ұпай алған балуан жеңген болады. Ал 6 айып ұпай алған балуан жарыстан шығарылады. Алматыда күрестен спорт мектебі 1936 жылы ашылған. Классикалық күрес балуандарының жарысы жыл сайын өткізіліп тұрады.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.