Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 22:03:30 by Гость

Жакан Смаков омыр баяны

Ответ оставил Гость

Смақов Жақан (1932 - 1974)
Смақов Жақан 1932 жылы Қарағанды облысыЖаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында туған. Сол жерде орта мектептібітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетініңжурналистика бөлімін бітірген. Алғашқы өлеңі де сонда оқып жүргендежазылған. «Мені балалар тақырыбы әрдайым қызықтыратын» - деп жазыпты олөзінің қысқа ғана өмірбаянында. 1953 жылы партия тың жерді игеру жұмысынқолға алғанда, «Пионер» журналында «Арам шөп пен бидай» деген алғашқыөлеңі шықты.
Жақан Смақовтың елуінші - алпысыншы жылдары «Сыйлық»,«Қаз - қаз бас», «Жастық сыры», «Ойындар мен жұмбақтар», «Күлдірген»,«Сылдырмақ», «Жүз бір жұмбақ», «Қарақат», «Тамшы» деген өлеңдер жинағыбасылды. Бұлардан басқа «Біздің атай Түсекең, қартаймайтын кісі екен»,«Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деп аталған суреткітапшаларын бастырды.
Жақан Смақовтың нағыз балалар ақыны екеніноқырмандарына әбден танытқан кітабы - «Жалын» баспасы 1976 жылы шығарған«Жаңғырық» атты таңдамалы өлеңдер жинағы. «Талапай» - кітабы да (1984)қазақ балалар әдебиетіне қосқан жаңалық ретінде қабылданды.
Ж.Смақовтың қызмет өмірбаяны ұзақ емес: 1955 жылы Талдықорған облыстықгазеті «Советтік Жетісуда», одан кейін «Қазақстан пионері», «Коммунизмтаңы», «Жетісу» газеттерінде істейді. 1958 жылы Алматы телевизиясыашылысымен, оның тележурналистік қызметі басталды, мұнда ол тоғыз жылбойы балалар редакциясын басқарды.
Алматы телестудиясының ақын -жазушылар, композитор, суретшілер көп үйірілетін телевизиялықхабарлардың түр - түрін ойлап табуға ынтық Жақан ақын «Ерденніңертегісінен» басқа Игорь Саввин екеуі бірлесіп, «Кешкі ертегі» - дегенкүнделікті хабар үйымдастырды.
Жақан ақын «Тамшы», «Бұршақ туралыертегі», «Кім күшті, кім мықты», «Ұзын аяқ», «Аю қалай адасты» сияқтышығармаларын әуелі телевизиялық хабарға арнап жазып, кейін кітаптарынаенгізді. Оның құсбегі туралы телефильмі бүкілодақтық экранға шықты.
Жақан Смақовтың балаларға арнап өлең жазып, шеберлігі қалыптасуынаӨтебай Тұрманжанов, Мұзафар Әлімбаев, Қабдыкәрім Ыдырысов, ӘбдікәрімАхметов өлеңдерінің ізгілікті әсері тиді.
Ж.Смақовтың балаларға,әсіресе, бөбектерге арналған өлеңдеріндегі шеберлігін, тапқырлығынарнайы зерттеуге болады. Ондай өлеңдері оқулықтарға енген, жас буындарғатіл үйрету, дүниетану қызметін атқарып жүр.
Ақын поэзиясының айрықша бір саласы - жұмбақтары. Бұларда мәнді мазмұн, тапқырлық, көркемдік сырлары бар.
Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың
(Тұз)
Бір ағашта бес тармақ,
Бес тармақта бес жаңғақ.
(Қол)
Осы тәрізді жұмбақтарын оқи бергің келеді. Ж.Смақовтың қазақ балаларәдебиетіне енгізген тағы бір жаңалығы - әсерлі, әрекетті ойындар. Бұлретте халықтың «Соқыр теке», «Талапай» сияқты ойындарын да шебержандандыра білген.
Ақын жұмбақ, жаңылтпаш, ойын өлеңдерінде балдырғандарға тіл үйрету жағын қатты қадағалаған, мақсатты мағына беріп жазған.
Жақан Смақовтың шығармаларын оқыған адам оның тумасынан бөлек жанынұғып, тілін біліп, сырласуға жаралған дарынды ақын екеніне көңілі әбденсеніп, көзі әбден жетеді.
Қалам ұстағаннан балаларға, әсіресебалдырғандарға арнап өлең жазған ақын, өзіндік ерекшелігі танылғаншағында, денсаулығы нашарлап, қырық екі жасында қайтыс болды

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.