Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 19:06:10 by Гость

Берілген жоспар бойынша әңгіме құра. 1.Кузги дала коринси. 2.Кустардын жылы жакка қайтуы. 3.Кузги еңбек.

Ответ оставил Гость

Міне, сентябрь туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннанбұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, азжылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арықмалды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін дебасып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылыжаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар датізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер деқурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғанажаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолынкүтіп отыр.
Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жазкүні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяпотыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар отбасында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.