Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 19:43:04 by Гость

Арыстан туралы ертегі құрау.

Ответ оставил Гость

Арыстан мен түлкі туралы ертегіАрыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да: — Аурумын, жүруге әлім жоқ, — деп барлық аңдарға хабар таратты.Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды.Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:— Халіңіз қалай, тақсыр? — деп көңілін сұрады.— Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік? — деді арыстан.Түлкі:—  Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! — деп жүріп кетіпті.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.