Изложение на тему бай баласы мен жарлы баласы
Асан деген бай
баласы. Үсен жарлы баласы,- екеуі кұрдас
екен. Бір күні ел көшкенде қыр астында ойнап жүріп, ескерілмей, екеуі жұрттақалыпты. Бір мезгілде үйге баралық
деп келсе, ауыл жоқ, құр
жұрты жатыр. Асан айқай салып, жылай
бастады. Үсен ойланып тұрды да айтты:- Жылағанмен
ешнәрсе өнбес. Көшкен ауылды
іздеп табалық.- Елді
қайдан табамыз, қай жаққа кеткенін де көргеніміз жок,- деді Асан.Үсен үндемеді, Асанды ертіп
көшкен жұртқа келді. Жұртта бір көзі сынған ине жатыр екен оны алды және бірпышақтың
сынығын, бір-екі уыстай қыл тауып, оны да алды. Сонан сон ауылдың жұртын айнала
жүгіріп жүріп, көштің кеткен сүрлеуін тауып, сол сүрлеуге түсіп жүре берді. Мұны көріп Асан жылай бастады.- Енді
қайсысына түсеміз,- деп. Үсен қарап жүріп, біреуіне
түсті:- Мынау сүрлеу, бүгінжүрген көштің сүрлеуі екен -малдың жас тезегі бар,- деді.Біраз жер жүрген соң Асан қарным ашты деп жылады. Үсенүндемей келе жатса, екеуінің алдынан бір үйрек ұшып, ұзамай қасына
қонды. Асанның онымен ісі болмай жүре берді. Үсен жүгіріп барып сыйпалап жүріп,
үйректің орнынан алты жұмыртқа тапты. Асан қуанып жұмыртқаны аламын депеді, Үсен алдырмай:- Жолдан адасыпкөп күн жүрсек,
бізге тамақ керек болар, үйректі де ұстап алайық,- деді.Асанайтты:- Қалай ұстаймыз?Үсен:-Мен
әкемнің ұстағандарын көріп
едім,- деп, манағы жұрттан
тауып алған қылдан есіп тұзақ
істеді де, оны апарып үйректің ұясына құрды. Мұнан соң Асанды шақырып
алып, екеуі бір таса жерге, қалың шөптің арасына барып жатты. Көп ұзамай-ақүйрек қайта ұшып, жан-жағында адам көрінбеген соң, ұясына келіп қонды.Бітегенеден соң Үсен түрегеліп, жүгіріп ұяға барып еді, үйрек ұша алмайдалбырлады да қалды; қараса, үйрек мойнынан тұзаққа ілініп
қалған екен.Үйректі Асан:-Тірі алып,ойнап баралық,- деді.Үсен айтты:- Жоқ,әкем: үйрек, қаз адал құстар, мұқтаждықта Құдайтағала бұларды
адамға алып, тамақ етуге бұйырады,
бірақ тірілей байлап-матап
әуре ету обал деп айтушы еді, әуре
етпей бауыздап алалық,- деп, манағы жұрттан тауып алған
пышактың сынығымен бауыздап алды.Мұнан соң
келе-келе жатып, түс ауған уақытта,
екеуі бір өзен-судың бойына жетті. Су
ішіп сусындарын қандырған соң. Үсен айтты:-Енді
бір тамақ пісіріп желік.Асан:-От
жоқ, неғылып пісіріп желік? - деді.Үсенүндемей су жағалап жүгіріп
кетіп, бір шакпақ тас тауып әкелді
және шапанының бір кішкентай
жыртылған жерінен азғана мақта
суырып алып, оны тастың үстіне қойып
бәрін бармағына ғана қатты қысып тұрып, манағы пышақтың сыртымен тасқа қаттыұрып еді, от шығып, мақта тұтанды; сонан соң айналасына азғана тезек үгіпсалып, Үсен өзі отты үріп тұтандырып жатып, Асанды қу тал жинап алып кел депжіберді. Тамағы тойған соң көңілінен уайымы
шығып, Асан су жағалап жүгіріп кетті, бір мезгілде дауыстады:- Үсен, Үсен! Мынаутайыз
жердегі балықтарды қарашы! - деп. Үсен оған қарамай баяғы жұрттан тапқанинені отқа салды.Сонан соң Асанды шакырып:- Сен шегіртке теребер,- деді
де, өзі манағы қылдан есіп қармаққа бау істеп байлап, талдап кесіп оған caп
істеді. Сөйтіп, қармағы әбзелімен даяр болған соң, Үсен суға барып, Асаннынжиған
шегірткесін жемге шаншып, қармағын суға салды. Су әдемі, айнадай таза су екен,
ішіндегі ойнаған балықтары көрініп жүретұғын. Әуелі шабақтар келді, біреуі бір,
екеуі екі жемді иіскеп, тиіп-қашып, жұлқып өтіп жүрді. Сөйтіп тұрғанда шабақтар
дүркірей келіп қашты.Қараса, бір бөлек алабұғалар
келген екен, жемді ең бұрын көрген біреуі тоқталмастан келіп асап келіп
қалғанда, Үсен қармақты тартып алып оны қырға шығарып тастады. Сол қалыпшаҮсен бірталай алабұға алды. Балықтың алынған қызығына айналып тұрып,балалар күннің
кешке таянып қалғанын аңғармаған да екен. Бірмезгілде Үсен күнге карап:- Аһ, күн кеш боп қалыпты ғой, жарықта өткел тауып алайық,-деп,
қармақпен алған балықтарын біреуінің шапанына орап
алып, манағы шақпақ тасын және сабы-бауымен қармағын да қалдырмайалып, енді өткел іздесті. Бұл турада Үсен
кідірместен, манағы өздерінің түсіп келген сүрлеудің өткен жерін тауып алып,солжерден өте шыкты. Біраз жүрген соң-ақ күн кеш болды және біраздан соңымырт жабылып, жол көрінбеді. Сөйтсе де Үсен сыр білдірмей, ендіжүрсек адасармыз деп тоқтады, тезек теріп от жақты.
Біраз отырған соң Асан күндіз көп жүріп шаршаған бала, ұыйқтап қалды.
Форма вопроса доступна на