Помогите!!! Менын елим Казакстан туралы шыгарма керек. Буквально 5-6 предложений
Менің туып өскен жерім -егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел.Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдіркөлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Солжерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымызтуып өскен.Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтантұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.«Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымызбекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтыңбірінші міндеті.Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын.халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымызелімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын дааямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, анатілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан даыстық.
