Каз неге бір аяғын бауырына басып қалғиды
Ғалымдар қоқиқаздың не себепті біраяқпен тұруды қалайтынын анықтады. Бұл – құстың бойына суық өткізбеуүшін жасайтын инстинкті екен.BBC News порталының мәліметінше, осыкезге дейін зоологтар арасында қоқиқаздың бұл әдеті жайлы сан алуанпікірлер қайшылығы қалыптасқан. Зерттеушілердің бір тобы қоқиқазаяқтарының шаршауын басу үшін бір аяқтап қалғуға дағдыланған десе, бұл –құстың жыртқыштардан дереу құтылып кетуге сақадай-сай тұруы дегенболжам тағы бар.Жаңа зерттеудің авторлары бұлпікірлердің анық-қанығына көз жеткізу үшін Кариб аралдарын мекендейтінPhoenicopterus ruber қоқиқаздарын бірнеше ай бойы бақылады. Нәтижесіндеқұстың бір аяқпен тұрғанда да, екі аяқпен тұрғанда да аспанға бірдейкөтерілетіні дәлелденді. Және оның тек ағынды суда ғана бір аяқтаптұратыны белгілі болды. Бұдан ғалымдар мынадай қорытынды шығарды: біраяққа сүйену – қоқиқаздың үнемі суық күйде болатын ағынды суда бойынажылу сақтайтын инстинкті.
