Шакарим Абай мурасын жалгастырушы
Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ,қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі.Әкесі ҚұнанбайӨскенбайұлы бай, би және қазақ руларының ішіндегі беделді адамдардың біріболған. Құнанбай Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған.Құнанбай діншіл болған.Мұсылман дінінің ықпалын күшейту мақсатын көздеп Орта Азияның діндар қожаларын,татар молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратқан. Олардың балаларын мұсылманшаоқытқан. Өз ауылында Ғабитқан деген молданы ұстап, Абайды да оқытқан. Абайдыңсабаққа зеректігін байқаған соң, әкесі Семей қаласындағы мұсылман имамы АхметРизаның медресесіне берген. Ол дін сабақтарына тарих, поэзия, математика,философия сияқты дүние тану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымныңбағытын ұстаған адам болған. Абай бұл медреседе 4 жыл оқыған кезінде араб, иранжәне Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен жақсы танысады.
