Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 02:21:05 by Гость

Әлемдегі асыл жан шығарма

Аватар
Ответ оставил Гость

“Ана” үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады.
Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы.11

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.