Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 02:50:13 by Гость

Пожалуйста надо сочинение на тему Ұлттық команда киім!Дам 47 балов!!!

Аватар
Ответ оставил Гость

Ұлттық команда киімі.

Бүгінгі таңда еліміз түрлі әлемдік додаларға қатысып келеді. Оларда жеңісті орындарды иеленген кездеріміз де аз емес.Бұл көп салалардағы сайыстар. Олар: спорт, музыкалық, ғылыми және т.б. сайыстар. Осылардың ішінде халық көп назар аударып, жиыла қарайтыны - спорттық жарыстар. Спорттық жарыстарда барлық команда бір киіммен ерекшеленеді. Біздің ұлттық құрамаларымыздың киімдері өте әдемі, ұлттық нақышта орындалады. Жалпы ұлттық команда киімін көрмелерде де, сонымен қатар басқа да жарыстарда да киеді. Соның ішінде спорттық киімдерді командалық етіп, ұлттық өрнектермен, мемлекеттік белгілермен безендіріп тігуі өте ерекше әрі жарасымды. Көбіне ұлттық команда киімдері байрағымыз түстес көгілдір түсті болады. Биік әлемдік ареналарда өз елімнің белгілерін көрген кезде мақтаныш сезімі баурайды. Ал сол ұлттық команда киімімен жеңімпаздар пъедесталына шығып, еліміздің мемлекеттік туы көтерілгендегі сезімнің орны тіпті бөлек. Мен елімнің атағын шығарып, ұлттық командалық киімді абыроймен алып жүрген отандастарыма зор алғыс білдіремін! Сіздер - біздің мақтанышымыз!

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.