Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 05:33:27 by Гость

Ынтымақ,бірлік,татулық туралы мақал-мәтелдер тауып жазу пожалуйста срочно помогите! плииииииз!

Аватар
Ответ оставил Гость

Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.

Тозған қазды
Топтанған қарға алады.

Ынтымақ түбі –игілік,
Тірлік, тірлік түбі – бірлік.

Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп.

Теңге – тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан.

Ынтымақ түбі — игілік.

Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем болар.

Көнектен шошынған бие оңбас,
Көптен бөлінген үй оңбас.

Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.

Қырық кісі — бір жақ,
Қыңыр кісі — бір жақ.

Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады.

Күшенген жеңбейді,
Күші көп жеңеді.

Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,
Қосылып еккен ағаш — орман.

Біреуің бас, біреуің аяқ бол,
Біреуің құйрық, біреуің қанат бол.

Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол.

Күш — бірлікте.

Саусақ бірікпей —
Ине ілікпейді.

Ауыл болса — қауым бол.

Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?

Біршілік болмай — тіршілік болмайды.

Ұйымдасқан ұтады.

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.