Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 07:57:56 by Гость

Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, болымсыздық есімдіктеріне әрқайсысына екі сөйлем керек) Ертерек рахмет!

Аватар
Ответ оставил Гость

Жіктеу есімдіктері. Мен ауылға бармақшымын. Асығып келген ол отыра қалды. 
Сілтеу есімдіктері. Осы кітапты көп іздедім. Сонау қырдың астында біздің ауыл жатыр. 
Сұрау есімдіктері. Есімдіктің неше түрі бар? Ауылдан қашан қайтасың?
Өздік есімдігі. Өзімнің туған жеріме жер жетпейді. Әр ана үшін өз баласы алтыннан да қымбат. 
Жалпылау есімдіктері. Барлық бала сырғанақ тебуге аттанды. Қолындағы алмасын бәріне теңдей бөліп берді. 
Болымсыздық есімдіктері. Ешбір адам өз Отанына ешқашан қастандық жасамау керек. Ештеңеге көңіл аудармаған Сәбит үнсіз қалпында сыртқа шығып кетті. 
Белгісіздік есімдіктері. Алыстан біреу қол бұлғайды. Әлдеқайдан "алақайлаған" дауыс естілді.

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.