Пайдалы жане зиянды тагамдар
Қазіргі заманда танымал, кең жайылған тағамдардың арасындағы ең зияны
Өңделген ет. Қатерлі ісік ауруларын зерттейтінинституты сүрленген, мұздатылған, тұздалған, химиялық консерванттарқосылған ет ас қорыту жолдарының қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін дептұжырымдады. Консервіленген, құрамында өте көп тұз, май, холестерин барбұл етте пайдалы заттар да қалмайды.Мұздатылған тағамдар. Мұздатылған астар қазірдеәлем бойынша танымалдыққа ие бола бастауда. Дайын тамақты жемес бұрынжылытады. Бұндай тамақта калориялар шамадан көп, натрий мөлшері тым көпболады.Бәліш сияқты ұн өнімдері. Ішіне калориялы салындысыбар, қуырылған бәліштерде трансгенді майлар, қант, ақ ұн сияқтыпайдасыз заттар бар. 10-20 грамм майға қоса 250-300 "бос калориялар"бар.Картоп қытырлақтары. Мәселе оның ішінде салмақжинайтын зиян көмірсулардың болуында ғана емес екен. Картоп қытырлақтарымен фри картобында акриламид есімді канцероген бар. Ол тамақты жоғарытемпературада дайындағанда пайда болады. Бұл жыл сайын бірнеше мыңқатерлі ісік ауруының туындауының себебі.Майсыз тамақтар. Қорабында "майсыз", "май үлесі 0"деген жазуларға алданбаңыз. Майдың аздығынан дәмін жоғалтқан тағамныңдәмін келтіру мақсатында өндірушілер құрамына тұз, қант, басқа дақоспалар қосады. Диетолог мамандардың айтуынша, ондай тамақтан гөрі,кәдімгі (майлы болса да) тағамдарды таңдаған дұрыс.Маргарин. Маргарин құрамында холестерині жоқ, сарымайға жақсы балама деп саналады. Алайда оның құрамында сол холестериндікөбейтіп, қан жолдарын зақымдайтын трансгенді майлар өте көп. Онымәңгілікке рационыңыздан алып тастап, табиғи майлармен ауыстырыңыз.Газдалған су. Газдалған сусындарға құмар болу - артық салмақ, ұйқыбезінің қатерлі ісігі сияқты нәтижеге алып келе алады. Бір бөтелкегаздалған суда 10 қасық қант бар. Газдалған сусынды күнделікті емес,анда-санда ішетіндердің өзі ауыр ауруларға шалдығу мүмкіндігін бірнешеесе арттырады. Жүрек-тамыр аурулары, диабет - міне, газдалған сусындардысүйгіш жандардың болашағы.Аурулардың бәрі ауыздан кіреді демекші, не жеп-ішкенімізді қадағалап, мән берсек, мүмкін ұзақ, бақытты, сау ғұмыр кешерміз.
Американың танымал диетологы, невропатолог Джонни Боуден денсаулыққа ең пайдалы 12 тағам түрін анықтады.Олардыңқатарына құрамында нәрлі заттары, фитохимиялық қосындылары,дәрумендері, минералдары, антиоксиданттары мен пайдалы майлары барөнімдер еніп отыр. Бұл туралы MIGnews порталы хабарлайды.Боуденнің айтуынша, ол адамды жүз жасқа жеткізетін тағамдардың тізімін жасаған.Сонымен,денсаулықты кеселден қорғайтын өнімдер – мыналар: жидектер, атбұршақ,жаңғақ, қаймағы айырылмаған сиыр сүті, майлы балық, мал еті, жұмыртқа,орамжапырақ, алма, сарымсақ пен пияз, анар және көк шай.Ғалымныңайтуынша, жеміс-жидек құрамында қант аз, бірақ жасуша көп болады, солсебепті жидектер ең пайдалы өнім саналады. Ал атбұршақ тоқішек қатерліісігі мен сусамырдан қорғап, дене салмағын реттей алады. Линоленқышқылына бай сиыр сүті, сондай-ақ орамжапырақ, сарымсақ пен пияз да,анар мен көк шай да обыр ауруынан сақтайды. Майлы балық қан айналымы менми жұмысын реттейді. Мал еті болса B12 дәрумені мен ақуызға толы. Алма –тіс, өкпе, қан қысымы ауруларына ем.
