Казак хандыгына 550жыл матин тауып бериниздерши
1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынанбөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтыңтуын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп,намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесінқалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салдыбізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубеттібастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. 2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағыаймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиғақазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірдімекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалықаумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке елболып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөлатқарды. 1456 жылы Кереймен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларынбастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақхандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұлоқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылыАқ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдыққырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдейтүсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнынаӘбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды.Осы мемлекеттің территориясыXV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығынадейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкіметүшін күрес бір сәтте толастаған жоқ.Әбілхайыр хан өзінің саяси дұшпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды қудалауын тоқтатпады.Өкімет үшін күрес барысында Дешті– Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш табаалмаған Ұрыс ханның шөберелері-Кереймен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қармағындағы ауылдарымен Шуө зенінің бойынакөшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде МұхаммедХайдарДулати өзінің “Тарихи-Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады.Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Мағолстанның батыс жағындағыШу мен Қозыбас аймақтарын берді. 1465 - 66 жылдары. Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды.
