Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 00:57:37 by Гость

Ғалым-білім туралы мақал-мәтелдер (монолог)

Аватар
Ответ оставил Гость

Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.
Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.
Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
Күш - білімде, білім - кітапта.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Білім арзан, білу қымбат.Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.Ұстаздан шәкірт озар.Алтын алмабілім ал.Ғылым - теңізбілім - қайық.Тіліңмен жүгірмебіліммен жүгірКөп жасаған білмейдікөп көрген біледіБілімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.
Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.
Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.Жердің сәні - егін,
Ердің сәні - білім.
Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.Ілім - бұлақ 
Білім - шырақ.
Оқусыз білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ.
Оқу инемен құдық қазғандай.Оқу түбі тоқу.Ойнада күл
Оқыда біл.
Білім - ер азығы
Ер - ел азығы.
Оқу - білім азығы
Білім - ырыс қазығы. 
Оқу - білім бұлағы
Білім - өмір шырағы.
Білімдіге дүние жарық
Білімсіздің күні қаріп.
Білім таппай мақтанба
Өнер таппай баптанба.
Көргеннен көрмегенін көп
Білгеннен білмегенің көп.
Білім алып құрасын
Еңбек етіп сұрасын.
Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.
Біреу білмегеңдібіреу білер,
Біреу жылайтынғабіреу күлер.
Туа білмейдіжүре біледі.Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.
Қарғыстың ең жаманы:
Өзің білмебілгеннің тілін алма.
Қой асығы демей-ақ
Қолыңа толсасақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы ассааға тұт.
Қолдағы бар алтынның қадірі жоқАқыл азбайды,
Білім тозбайды.
Сақтықты соқырдан үйрен,
Кішілікті түйеден үйрен.
 

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.