Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 07:15:32 by Гость

Помогите пожалуйсто! СРОЧНО ПОЖАЛУЙСТО! Сочинение по казахскому языку на тему- Менің ана тілім - қазақ тілі! С переводом на русский если можно! СРОЧНО!!!!!!

Аватар
Ответ оставил Гость

Тіл – қай ұлттыңболмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынасқұралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігіндемән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне,осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жылөткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзаттарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілдіжоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі Қазақ қоғамындағымәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген,бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Тілі мендінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысынтүсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздіңтағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншыжылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып,Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебібілінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туыжелбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қолжеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру.Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ.О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы дасенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде,назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде...Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақтілі.Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақсөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақтілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқанәуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз,бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананыңтілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтседе өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.Ана тілің – арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.Анамның тілі – ардақтым менің. Адамның атасы, әкесі мен шешесі сенсің.Сен менің кішкентай кезімде әкем болып мойныңа отырғызып қуандың, атүстінде алдыңа алып, мені көкке секірттің. Жел болып кекілімнен сипадың.Тілім, ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған кезіңдекөкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емдім. Сен менің ағам, інім,әпкем, қарындасым, бауырларым болған кезіңде мен сені одан әрментүсініп, ұғынғым келді. Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарынтуғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туғантілім. Бірақ, менің терім “туған тілім” сен үшін ғана төгілсін, меніңөмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай болса, ана тілімізді алдымен өзімізқұрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктердежелбіреп тұратын болады...

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.