Тоқылдақ жонінде мəтін құру.
Бұлар ұяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістеріменнемесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділерқорегін мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен алады, оның формасытүрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез козғалады. Тырнақтары иілген.Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды.Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқадейін ұяларында болады. Тоқылдақтар (Рісedае) — тұмсығы қашау сияқты,ағашқа өрмелегіш құстар. Табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп,ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Бағыттаушықауырсындарының сабақтары қатты және үшкір келеді. Тоқылдақтар ағашбойымен өрмелеп қозғалғанда, қатты құйрық қанаттары денесіне тіреуболады. Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарынсындырып, онын, арасындағы насекомдармен және олардың личинкаларыменқоректенеді. Олардың тілі ұзын да, ұшында түктері болады. Тоқылдақтарнасекомдардан басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді. Қоректерініздеу кезінде жасаған қуыстарға ұяларын сала-ды. Ұясында 3—5 жұмыртқаболады. Жұмыртқасын атасы да, анасы да басады. Балапандары жұмыртқаданшыққанда әлсіз келеді. Біздің фауналарда тоқылдақтардың оннан аса түрібелгілі. Олардың негізгілері: қара тоқылдақ (Dгуосорus mаrtіus), үлкенала тоқылдақ (Dепdгосорus mаjог), кіші ала тоқылдақ (D. mіпог), жасылтоқылдақ (Рісus vігіdis), үш саусақты тоқылдак, (Рісоіdеs tгіdасtуlus)т. б. Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайынбірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жазайларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді.Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндеріменқоректенеді. Үзіп алған жаңғақтарын өздері шоқып жасаған ағаш қуыстарынабекітіп қойып, оны қаты тұмсығымен жарып, ішінен дәнін алып жейді.Пайдаланылып болған бүршік қабығын жерге түсіреді. Тоқылдақтардыңжаңғақтарды апарып бекітіп қойып, ішінен дәнін алып жейтін жерін “дүкен”деп атайды. Мұндай “дүкендердің” астында қарағайдын, бірнеше мыңдағантұқымы алынған бүрлері үйіліп қалады. Тоқылдақтардың келтіретін аздағаносындай зияндарынан, олардың пайдасы аздаған көп. Сондықтан да халык“тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды.
