Напишите пожалуйста легенду о старшем жузе (если можно на казахском).Заранее спасибо
«Ұлы жүз» деген қазақ ұғымы ұзақ уақыт бойы орыс әдебиеттерініңдеректерінде «Үлкен орда», «Аға жүз» және басқа сөздермен жиі бұрмаланыпкелді. Біріншіден, ол «үлкен», «аға» сөзі өз мағынасына сәйкескелмейді, екіншіден, орда мен жүз екі басқа, үшіншіден, қазақтардың өзіжүз орнына орданы қолданған емес. Не дегенмен «ұлы жүз» сөзін қырыққұбылта берудің жөні жоқ. Сондықтан орыс тілді деректердегі «Аға жүз»(старший жуз) қазақтың ұлы жүзіне балама ретінде құлаққа сіңістіболғандықтан осы тіркеске ден қойғанымыз дұрыс секілді.Ұлы жүз ұғымы да қазақтың басқа тайпалары тәріздес, қазіргіҚазақстанның оңтүстік – шығысында XV – XVI ғасырлар аралығында пайдаболды. Оған кіретін көптеген рулар мен тайпалар, зерттеушілер атапкөрсеткеніндей, бұл кезеңге дейін де, яғни қазақ хандығы мен қазақжүздері пайда болғанға дейін ғұмыр кешіп, тарихта өзіндік күрделі ізқалдырып келді.Бұл рулар «қазақ халқы» деген жалпы атау пайда болғанша Жетісуөңіріндегі байырғы үйсіндер құрамына енген еді. Бұған шаруашылықмақсаттан бұрып әскери – қорғаныстан туған жайлар мықты әсер етті.Уақыт өте келе Моғолстанның құрамында терең тамыры бар жер – су, көші– қон жағынан топтасқан мәдени қауымдастық дүниеге келді. Халық оларды«ұлы жүз үйсін» деп атап кетті. Бұны біз ел арасынан жинаған қазақшежіресінің әр түрімен қатар, беделді тарихи мағлұматтар да растайтүседі.
