Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 17:05:56 by Гость

Казахстан 7-8 предложений

Аватар
Ответ оставил Гость

Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан (орыс. Казахстан немесе Республика Казахстан) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.
2012 жылдың басына елдегі тұрғындар саны - 16 934 000 адам [5], бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).
Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.
Басқару түріне байланысты - Президенттік Республика. 2011 жылдың 15 қаңтарында өткен Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды (бұл қызметте 1990 жылдан бері).Атқарушы орган Үкімет басшысы - Серік Нығметұлы Ахметов.
Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[6]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.