Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 17:50:51 by Гость

Помогите пожалуйста прочитайте и ответить на вопросы !!!! 4- тапсырма . Мәтінді оқып , сұрақтарға жауап беріндер. Дастархан басындағы дәстүрлер. Халық қуанышты да, қайғыны да дастаркан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастарқан басында шешілген. Сондықтан халық дастарқанды « Құттыхананың берекесі» деп қасиет тұтады. Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды. .«Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі дастарқан дәмі - киелі. . Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады дейді.. Сонымен бірге дастарқан күнделікті отбасынан тамақтануына үйге келген адамға дәм таттыруға, ас - су беруге жайылады. . Онда ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады. . Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басында асты ең алдымен ата - анаға үлкенге ұсынады.Дастарқан басына адамдар жасына қарай отырады . Тамақ ішер алдында тамақтаным болған соң, колға су құйылады . Құйылатын су жылы болу керек . Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады. Тамақтанып болғаннан кейін дастарқан басындағы ең үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді . Тойға жайылған дастарқанға койылатын ас тәртібі оған жиналған адамдардын достық , туыстық қатынастарына қарай орындалады. Сұрактар : 1) Дастарқан басында қандай рәсімдер орындалады? 2) Халық дастарқанды қалай атаған ? 3)Дастарқан басында ас ең алдымен кімге ұсынылады ? 4)Дастарқан басына адамдар қалай отырады ? 5) Тамақтану кезінде қолға қандай су құйылады ? 6)Қолға су қалай құйылады ? 7) Тамақтанып болған соң, қандай рәсім жасалады?

Аватар
Ответ оставил Гость

1 дастарқан басында ас қою,ас ұсыну,ас алу,ас қайыру,асқа бата беру рəсімдері орындалады.
2 халық қуанышты да,қайғыны да дастарқан басында бөліскен.Өсиет айту бата беру,достасу бəрі де дастарқан басында шешілген.
3 дастарқан басында ең алдымен ас жасы үлкен,құрметті адамға ұсынылған.
4 дастарқан басында адамдар жасына қарай отырады.
5 тамақтанып болғаннан кейін,қолға су құйылады.Кұйылған су жылы болу керек.
6 қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.
7 тамақтанып болғаннан кейін дастарқан басындағы ен үлкен адам дастарқанға бата береді.

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.