Биз бейбитшиликти суйемиз такырыбында шыгарма
Біздің ата-бабамызтүрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отансоғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни,біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады.Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірдіорнатып берді.Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Оларкөрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркездеде қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкенқұндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылдажұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыскезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдейазап шекті. Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңістіжақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізебүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгіұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы менқасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбейөтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерліккөрсетті. Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды.Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуытиіс.Отаншыл болу – ең алдымен өткенді білу. Осынау қойнауы қазынаға толыбайтақ даланың әр пұшпағын бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, білектіңкүшімен қорғағанын ұмытпау – парыз.. Отан сенің отбасыңнан, аядайауылыңнан, сол жердің тасынан, суынан, топырағынан басталады. Қазақ жері– киелі, қасиетті. Оны малмен, ақшамен, алтын-күміс, асыл тастарменбағалауға келмейді.Отаншыл болу – ұлтжанды болу. Ұлтсызда Отан жоқ. Болмақ емес. Атасалттың қадіріне жетпеген, ана тілін ардақтай алмаған бозөкпе отаншылболып жарытпайды. Қай жерде «қарны тоқ, көйлегі көк» болса, сол жердіжайлы мекен санайды.Отаншыл болу – бір-біріңе бауырмал болу. «Жақыныңды жаттай сыйла, жатжанынан түңілсін» дейді дана халқымыз. «Біріңді қазақ, бірің дос,көрмесең, істің бәрі бос» дейді кемеңгер Абай.. Ынтымағы жарасқан елдікөргенде, жаудың құты қашады. Бірлігіміз барда тас қамалдай берікпіз.Қай кезде де азаматтың өз Отаны алдында парызы болады. Азаматтыңқасиетті борышының бірі – Отан алдындағы парызын өтеу. Кез келген адамбейбіт заманда да Отанын қорғай алады. Ол дегеніңіз қолға қару алу емес,өз Отаныңның білімді, өркениетті, салауатты перзенті бола алу. ”Отанүшін отқа түс, күймейсің” деген екен батыр Бауыржан Момышұлы. Ол – Отанүшін еткен еңбектің ешқашан зая кетпейтіндігі.Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» дегенмақал бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер деөз соңынан ерген ұрпақты дұрыс тәрбиелеуі керек. «Отаным маған небересің деп емес, Отаным, мен саған не бере аламын?» деп өсу керек.Сонда елімізде әрқашан да бейбітшілік болады. Себебі, ертеңгі елдіңтізгінін ұстар азаматттар білімді болса, олар барлық қиыншылықтардыақылмен шеше алатын болады.Соғыс кезінде қаншама жастар қыршынан қиылды. Олар Отан үшін жанын пидаетті. Ал олардың әрқайсысының анасы, баласы, сүйген қыздары, үлкен-үлкенармандары бар еді. Бірақ олар елге қауіп төнген кезде барлығын дақұрбан етті. Жап-жас болса да Отанын қорғап жатып жан тапсырды. Бұл –шынында да ерлік болатын.Майдан шебінде жанын пида еткен жауынгерлер мәңгі есімізде қалады. Отанүшін отқа түсіп, Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз. Сұрапыл дажойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгісақталады.
