Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 19:27:43 by Гость

Пожалуйста напишите Эссе на тему "Анадай асыл бар ма екен?"

Аватар
Ответ оставил Гость

Ананың парызынан Меккеге үш рет жаяу арқалап апарсаң да құтылмайсың» -деген сөз тегін айтылмаған ғой. Мен ғана емес, анамның құрсағынан шыққан бесеуміз де қазір бір-бір шаңырақтың иесіміз. Өзіміз де бала сүйіп, ата-ана болып кеттік.

Бірақ ата-анамыз үшін біз әлі баламыз. Әкем бізге күніге қоңырау шалып, іздеп отырады. «Папа, бәрі жақсы, алаңдамаңыз» деп қал-жағдайымыздан хабар беріп болдық па дегенде, анам телефон соғады. Мүмкін бір қалада жүріп, күн сайын көрісіп жүрген соң ба мен де кейде өзімді бала сезініп кетемін.
Мен отбасындағы қыздың үлкенімін. Содан соң ба екен анам екеуміз тым жақынбыз. Қашан болмасын, қандай шаруа жасасақ та ақылдасып жүреміз. Қазір ол кісі зейнеткерлікке шықса да жеке кәсіпкер ретінде бір шаруаны дөңгелетіп жүр. Жалға үй алып, жекеменшік балабақша ашып, соның жұмысымен күн ұзаққа бір тынбайды. Немерелерін де жа¬нына жинап алған. Кейде «Мама шаршадыңыз ғой, мүмкін шаруаны қойып демаларсыз» деймін ғой. «Қой балам, мен керісінше үйде отырсам шаршаймын, жанымда көмектесіп жүрген әкелерің барда, өздерің барда мен шаршамаймын»-дейді. Онысы рас... менің анам от басы- ошақ қасында отыруға жаралмаған. Он сегіз жасынан бері еңбек етіп келеді. Тынымсыз шаруамен әбден шыныққан әйел.

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.