Казахстан экспо 2017 НА КАЗАХСКОМ
2011 жылдың 10 маусымындаПариждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысыРапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті.Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған ҚазақстанРеспубликасының ресми өтінішін тапсырды. Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлаунауқанына кірісті. Жыл соңына дейін ҚРэкономикалық дамужәне сауда Министрлігі өтініш құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы,техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардыңқауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оныХалықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сайкөремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.АстанадағыЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегікөрмеге айналуы мүмкін.EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу -Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздіңастанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді. 2011 жылғы 10маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы ВинсентеГонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Солсәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегісайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті. 2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысыҚазақстанның елордасында ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оныңаясында ЕХРО-2017 көрмесін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болыптабылатынын ерекше атап өтті.2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралықкөрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресмитаныстырылымы болып өтті. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы»деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс берубарысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орынболып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдеріндеөтетін алғашқы көрме болмақ.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатынболады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады.Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.EХРО-2017 көрмесінің«Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын,күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергиякөздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндікбереді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсетуүшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты менғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыруүшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және ортабизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілеріқұрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндіктуғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемніңтүкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күнсайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетінболады.EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілікэкономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдікдеңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағыоқиға.1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастауалған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлыққатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктеріментанысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеяларалмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсетуүшін ерекше алаң болып табылады. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристертамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерінтанытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейінбүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады.Қазақстан 1997 жылданбастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРОкөрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008көрмесінің қорытындысы бойынша «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздіңеліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальменмарапатталды. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралықмамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттіккомиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.
